
Құрметті сайт қонақтары!
Мен Сізді «Павлодарэнерго» АҚ ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымын. Заманауи ақпараттық технологиялар біздің күнделікті тіршілігімізге етене араласып, бүгінгі өмір шындығына айналды. Сізді сайт парақтарын аралап, Компаниямыздың қызметімен, оның өндірістік көрсеткіштері және жобаларымен жақынырақ танысуға шақырамын. Ұсынылған ақпаратқа қызығушылық танытқан болсаңыз, бұл мені қуантары сөзсіз. Біз әрқашан бірлесе әрекет етуге дайынбыз, түсіністік танытып, қолдау көрсеткеніңізге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Компания туралы қысқаша мәлімет. «Павлодарэнерго» АҚ – Қазақстанның солтүстік өңірінде электр және жылу энергиясын өндірумен, тасымалдаумен айналысатын аса ірі кәсіпорын. «Павлодарэнерго» Ашық акционерлік қоғамы 2002 жылдың маусым айында құрылды, ол 2000 жылдың қарашасында тіркелген «Солтүстік жылу желілері» ЖШС-нің құқықтық мирасқоры болып табылады. 2003 жылдың желтоқсан айында «Павлодарэнерго» ААҚ акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Энергетикалық жүйенің негізгі қуаттылықтары қатарында Павлодар ЖЭО-2, ЖЭО-3, Екібастұз ЖЭО, Павлодар және Екібастұз қалаларының жылу желілері кәсіпорындары, «Павлодар Электржелілік Үлестіру Компаниясы» АҚ және «Энергоорталық» АҚ бар.
«Павлодарэнерго» АҚ компаниялары тобында жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалпы саны – 5 150 адам.
Ізетпен,
«Павлодарэнерго» АҚ Басқармасының төрағасы
Анатолий Иванович Дука




